Главная > Современники > Калмагамбетова Гульсум > Жүрегім - тыныштық қыл, сабыр қыл
Калмагамбетова ГульсумКалмагамбетова Гульсум
Жүрегім - тыныштық қыл, сабыр қыл

Жүрегім - тыныштық қыл, сабыр қыл

Жүрегім - тыныштық қыл, сабыр қыл, Бұл өмір кек сақтауға қысқа тым. Ашу, ыза қор қылады жүректі. Ол бұзылса, тұла бойдан нәр кетті. Жүрегім - тыныштық қыл, сабыр қыл, Сабыр қылсаң, сабырлының бәрі алтын. Саған салса, жазылғанды көресің, Алла біледі, сен ештеңе білмейсің. Дүниені ойламашы жүрегім, Ақшаларға құнықпашы артық тым. Бәрі қалар, бір тиын да алмассың. Сатып алған киімді де салмассың. Жүрегің тыныштық тым таппаса, Тыныштық бар, ол мына бір Құранда. Оқып алсаң, екі рәкат намазды, Соның өзі бақыттың басты жалғасы. Қиындықтар бітпейді деп қиналма, Бір күндігің қиналуға тұра ма? Алла берсе қиындықты басыңа, Шығуға да жол сілтейді расында. Бұл өмір! Тұрарлық оған әрбір сәт, Әрбір сәтті бағаласақ ғажап-ақ, Қуанышы қайғысы мен қатарлас, Бақыты мен көздің жасы бақталас. Бір жұтым судың өзі қуаныш, Қуаныштың шегі толмас қараңыз. Алла берген сансыз ризық несібе, Жүрегіңді сабырлыққа жетеле!
20.06.2017 11:40
94
Оцените, пожалуйста, это стихотворение.
Помогите другим читателям найти лучшие произведения.

Только зарегистрированные пользователи могут поставить оценку!

Авторизоваться

© 1134010083

Комментарии

Комментариев пока нет. Будьте первым!
Для комментирования авторизуйтесь