Главная > Современники > Калмагамбетова Гульсум > Сирия...
Калмагамбетова ГульсумКалмагамбетова Гульсум
Сирия...

Сирия...

Сирия - жылатпашы пендені, Ботадай көз, елжіреген кеудені. Дамыл жоқ, күндіз-түні атыстан, Жарқ-жұрқ еткен бомба түсті алыстан. Кетіп жатыр, бауырларым аңдатпай, Жиһад жасап, Шаһид болам деп армандай, Ей, сорлы, алданған қайран бауырлар, Ел жауы боп атандың енді қараңдар. Не таптың жұмақ іздеп жат жерден? Анаң бар, шығармашы мұны қаперден. Мәпелеген, аялаған, өсірген, Ардақташы жан анаңды жүрекпен. Қосып қалсам теледидар арнасын, Шырылдайды ана іздеп баласын, Мылтық алып, суық қару ұстанған, Танк үстіне мініп алып қоштасқан. Жарып жатыр пенде өзін жиһад деп, Алла берген өмірді өзі алар деп. Аманат деп берген дене мүшеңді, Жару үшін өздігімен күшенді. Бала жатыр, опыр-топыр үйі жоқ, Бет аузы қан, сау жері де қалмаған. Үнін шығармай, жәудірейді көздері, Шекесіне мылтық тірейді өздері. Күнәдан пәк сәби кетті қаншама, Кідіріп қара артыңа сен біршама. Жоқ...тоқтар емес азғындықтың жолында, Әр пенденің өмірі, бір Аллаһтың қолында. Әйел затын қор қылады ол жақта, Алданба, қарындасым, қашқақта. Әр еркекпен бір қосады басу үшін ләззатын, Тыйылмайды көз жасың күндіз-түні таматын. Бауырлар, ойланып бір сәт қараңдар, Туған жерден артық болмас надандар, Мұсылманның ондай емес беделі, Кісі өлтіріп, сәби қорлап күйреуі. Алғың келсе разылығын Аллаһтың, Парыздар мен сүннеттерге қарағың. Ата-анаға қамқор болып әрқашан, Батасын ал, одан төмен болмағын.
20.06.2017 11:50
84
Оцените, пожалуйста, это стихотворение.
Помогите другим читателям найти лучшие произведения.

Только зарегистрированные пользователи могут поставить оценку!

Авторизоваться

© 1134010084

Комментарии

×
ВЛАДИСЛАВ ЮРЬЕВ
, 20 июня 2017 в 14:10
Если бы был еще перевод на русский было бы очень хорошо)))...
×
Гульсум Калмагамбетова
, 20 июня 2017 в 14:27
буду иметь в виду спасибо за отзыв))
Для комментирования авторизуйтесь