Главная > Современники > Калмагамбетова Гульсум > Сәби үні
Калмагамбетова ГульсумКалмагамбетова Гульсум
Сәби үні

Сәби үні

Анашым, қуанамын күнде мен, Үмітіңді ақтаймын маған сенсең. Құрсағыңа біткен сәтте сезіндім, Сенен артық ешкім жоғын түсіндім. Анашым, елестетші мені сен, Қолыңдамын, ақ сүтіңмен емізсең. Жылы шырай, сәуле шашқан жүзіңмен. Түн ұйқыңды төрт бөлсем де түнімен. Еркелетіп аяласаң әрқашан, Тастамаймын ана сені ешқашан. Жұмағымсың өмір берген балам деп, Басымнан сипасаң ғой күнім деп. Жоқ, ана... неге жылайсың? Жылама! Көп ұзамай көрісеміз сағына. Түсінбедім неге сонша жамығып, Отырсың бір бұрышта тығылып. Дауысыңды естідім мен бір сәтте, Сенде соққан екі жүрек әпсәтте. Бірі тоқтап, тыныс демі жетіспей, Ішімнен кеп, жан-жағынан тістелей. Анам айтты: - Қаламаймын сені деп, Ата-анама не бетіммен қарайм деп. Жасым болса әлі жастық шағында, Жүргім келеді жас болғансон тағыда. Сөйтсем, анам кәмелетке толмаған, Мені қалай босанам деп ойлаған Анажан, құрсағыңда дамып келем, Ертерек білсем ғой деп өкінем. Бірақ неге, не кінәм бар алдыңда? Махаббатқа берілдің ба алдана? Сонда неге ойланбадың анажан? Сен де неге қателестің әкежан? Қателікке бой алдырған анашым, Алла берген сый деп мені санашы. Қор қылмашы алдыртпашы құрсақтан, Сенен кетіп, қайда барам ұзақтан. Тумай жатып, күнәң үшін мына мен, Неге ғана жауап берем өліммен? Лайықтымын қасыңда мен болуға, Алдыртпашы, жаным менің тонуда. Сен ойлаған қиындықтар алдамшы, Тыныстаймын сен арқылы қарашы? Ет пен сүйек, тері жапты бойыма, Жұдырықтай жүрек соқты ойлана. Егер ана, өміріңді бұзсам мен, Құрсағыңа бітпес едім қап әттең. Өз еркіммен қалап мүлдем келмегем, Алла қалап, құрсағыңа жіберген. Бұдан әрі қателікті қайталама, Қаламаймын жапа шексең қайталана. Інім не қарындасым нәсіп болса, Оларды да қинап былай жазалама.
20.06.2017 14:02
70
Оцените, пожалуйста, это стихотворение.
Помогите другим читателям найти лучшие произведения.

Только зарегистрированные пользователи могут поставить оценку!

Авторизоваться

© 1134010097

Комментарии

Комментариев пока нет. Будьте первым!
Для комментирования авторизуйтесь